Салық декларацияларын тапсыруда азаматтарға ыңғайлы болу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданды.
Бұл қызметтер қағаз түрінде де, онлайн-қызметтер арқылы да қол жетімді.
« #Салық декларациясын қағаз түрінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына, мемлекеттік кірістер органдарына немесе пошта бөлімшелері арқылы беруге болады», - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан #Жамаубаев Үкімет отырысында.
Декларацияны электронды форматта тапсыру үшін Мемлекеттік корпорацияның фронт-кеңселері «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету орындарымен жабдықталған.
Сонымен қатар, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін декларация тапсыру бойынша электрондық қызметтер: салық төлеушінің кеңсесі, «Электрондық үкімет» веб-порталы және «#eSalyq Азамат» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылды.
Осылайша, азаматтар ЭЦҚ -ға онлайн-өтінім бере алады, ал «Салық төлеушінің кеңсесіне» SMS-код арқылы ЭЦҚ-сыз кіруге болады.
Мұның бәрі жалпы декларациялау кезеңінде жеке тұлғалардан салық декларацияларын қабылдауды уақытында ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, министрлік осы бағытта тұрақты түрде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша апта сайын онлайн-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Осындай жұмыстарды мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары халықпен және барлық аймақтарда мемлекеттік органдармен жүргізуде.
Тікелей эфирлер Instagram, Facebook, Telegram және YouTube әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылады, егжей-тегжейлі түсіндірмелер мен нұсқауларды қамтитын видеороликтер орналастырылады.
Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін байланыс орталығы жұмыс істейді және МКК веб-порталында «Жалпыға бірдей декларация» бөлімі құрылды, онда қажетті ақпараттар мен жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар топтамасы бар.