Сатып алу: жаңа сандық шыңдық

Сатып алу: жаңа сандық шыңдық

Қаржы министрлігінің және Электрондық коммерция орталығының өкілдері брифингте мемлекеттік сатып алу саласындағы цирфландыру туралы баяндады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Ахметов Сәбит және Электрондық коммерция орталығы бас директорының орынбасары Біржанов Дархан журналистерді мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңалықтары туралы ақпараттандырды.

 

Бүгінгі күні цифрландыру аясында мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің 100 пайызы электрондық форматқа ауыстырылды, яғни мемлекеттік сатып алу саласында жоспарлаудан бастап төлем жүргізуге дейінгі жүйе  электронды түрде жүзеге асырылады.

 

Барлық құжаттар, атап айтқанда электрондық банк кепілдіктері, электрондық шарттар, шот-фактуралар, шартты орындау туралы актілер веб-портал арқылы рәсімделері. Бұл ретте, шарттар қазынашылық органдарға тіркелуге веб-порталмен автоматты түрде жолданады.

 

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің толық автоматтандырылғанын ескере отырып, камералдық бақылау – яғни объектіге бармай, веб-портал арқылы, онлайн режимде бақылау жүргізеді.

 

Камералдық бақылаудың барлық рәсімдері толық автоматтандырылған және аудиторлардың барлық қызметтері порталда тіркеледі.

 

Осы жылдың басынан бастап «Электрондық шағым» функционалы іске асырылды және шағымдармен қатар, олардың нәтижелерін қамтитын Шағымдар тізілімі қалыптастырылды.

 

Шағымдар тізілімі барлығы үшін ашық және қолжетімді. Бұл қоғамға шағымдар бойынша қабылданған шешімдердің негізділігін бағалауға мүмкіндік береді.

 

Порталдың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен кеңейтілген интеграциясы мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің шектеулерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік берді, оның ішінде салық берешегінің бар болуы, сот актілері бойынша берешектің болуы, олардың Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болуы бөлігінде.

 

Сондай-ақ, интеграция арқылы Портал мемлекеттік органдардың сыртқы қызметтеріне шығуға ие, бұл сатып алудың ұйымдастырушыларына әлеуетті өнім берушілердің сатып алу талаптарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл банкроттықты, терроризм және экстремизммен байланысты, қосымша құн салағын төлеушісінің белгісін анықтау, т.с.с. мәселелеріне қатысты.

 

Осыған орай, бүгінгі күнге атқарылған жұмыстардың басты нәтижелерінің бірі бәсекелестік ортаның кеңейгендігін көрсетті. Бір конкурсқа қатысушылардың саны 1-2 қатысушыдан 4 қатысушыға дейін өсті.

 

Сондай-ақ, сатып алуды өткізудегі экономияның көлемі 5 есе ұлғайды. Атап айтқанда 2015 жылы экономия 43 млрд. құраса, 2016 жылы – 173 млрд., 
ал 2017 жылы – 219 млрд.теңгені құрады.

 

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы Сатып алудың Бірыңғай IT-платформасын құру туралы (мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор, жер қойнауын пайдалану  тапсырмасының шеңберінде сатып алудың Бірыңғай порталын сатып алудың қызмет ететін ақпараттық жүйелерін (мемлекеттік сатып алудың веб-порталы, Самрук-Казына порталы, Байтерек, NadLoc) интеграциялау жолымен құру,  тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасын (бұдан әрі – Анықтама) сатып алу бойынша барлық электрондық алаңдарда пайдалану, сатып алудың Бірыңғай порталының операторы болып «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тәсілдері әзірленіп мақұлданды.

 

Сатып алудың Бірыңғай порталында анықтаманы қолдану жалпы тұтынуды, нарық сыйымдылығын анықтауға, сатып алудың барлық түрлері бойынша орта сатып алу бағасын (Бағалар модулін) анықтауға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, Сатып алудың Бірыңғай порталы кәсіпкерлерге сатып алу бойынша электрондық алаңдарды техникалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ олардың әдістемелік қамтамасыз етілуі бойынша салыстыруларына мүмкіндік береді.

 

Әзірленген тәсілдерді жүзеге асыру үшін заңнамалық нормалармен бекітуін талап етеді, сәйкесінше түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылған заңжобада қарастырылған.

 

Сатып алудың Бірыңғай порталын құру заңнамалық өзгерістерден басқа техникалық іске асыруды талап етеді.

 

Бірыңғай портал осы жылдың аяғына дейін енгізілетін болады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

 

Пресс-служба Министерства финансов РК