Баспасөз релизі
«ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2021 жылдың 1 тоқсанының жұмыс қорытындылары»
Апелляциялық комиссия 2021 жылдың 1 тоқсанында 8 отырыс өткізді, сонда 109 шағым қаралып, салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қолданып, жалпы қарастырылған шағымдардан 31 тексерістің, яғни 24% құрайтын нәтижелері жойылды.
Апелляциялық комиссияның 2021 жылғы 1 тоқсандағы отырысына 28 СЭҚ қатысушылары мен және салық төлеушілер өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 532 шешім орналастырылды, сондай ақ 2021 жылдың 1 тоқсанына 33 шешім орналастырылған. Бұдан басқа, кәсіпкерлік субъектілері пайдаланатын ақпараттық кеңістікті кеңейту мақсатында «Қазақстандағы салықтар» және «KZ есеп» бизнес-қоғамдастығының интернет-ресурстарында салықтық және кедендік даулар бойынша шешімдер де орналастырылады.