Атырау мемлекеттік қызметшілеріне этика туралы айтты

Атырау мемлекеттік қызметшілеріне этика туралы айтты

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмагамбетовтың қатысуымен Атырау облысының Министрлікке қарасты аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне семинар-жиналыс өтті.

Сапар барысында ұжыммен, департамент басшылығымен және уәкілетті этика бойынша жұмыс кеңесін өткізіп, қызметкерлер мен азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілі Индер және Махамбет аудандарында болып, сондай-ақ онда облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Т. Ташмагамбетов Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жұмысымен танысты.