01.04.2021 күнгі жаңалықтар топтамасы

01.04.2021 күнгі жаңалықтар топтамасы

Электрондық сауда тауарларын бажсыз әкелу шегін төмендету мәселелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтегі жұмыс отырысы барысында талқыланды.Отырысқа ЕЭК Алқасының мүшесі (Министр) Андрей Слепнев және Қазақстан Республикасы Қаржы, сауда және интеграция вице-министрлері қатысты.ЕАЭО-ға мүше елдер пилоттық жоба шеңберінде электрондық сауда операторлары институтын енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Оның қызметі төлемдердің өтуін жеңілдетуге және барлық кедендік операцияларды жүргізуге, сондай-ақ тауар алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталатын болады. Атап айтқанда, уәкілетті операторлар тауарларды дербес декларациялайды және сатып алушы үшін кедендік төлемдер төлейді деп болжануда. Бұл пилоттық жобаны енгізу кедендік әкімшілендіруді жеделдетуге және электрондық коммерция процедураларын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны әр қатысушы елдің техникалық дайындығын ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың соңына дейін іске асыруды жоспарлап отыр. Ә.Смайылов пилотты іске қосу үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Атап айтқанда, МКК жүйелерін, пошта операторларын, ЕДБ, жедел тасымалдаушыларды интеграциялау, сондай-ақ тиісті заңнамалық өзгерістер енгізу.

  

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті.

Кездесуге қатысушылар ЕДБ-нің 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Стратегиясын талқылады. Стратегия көлік дәліздерін дамыту, ЕАЭО-ның азық-түлік егемендігін қамтамасыз ету, су-энергетикалық баланстың теңгерімді моделін қалыптастыру, ЕАЭО цифрлық трансформациясы сияқты трансшекаралық жобаларды іске асыруға бағытталған.

   Сондай-ақ, банк қызметтер мен цифрлық өнімдердің сыртқы тұтынушыларымен жұмыс жасау кезінде шешім қабылдауды жеделдету мақсатында Цифрлық бастамалар қорының жобаларын басқару үшін цифрлық холдинг құруда.

Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Смайылов банктің ұсыныстары бойынша шешім қабылдау үшін барлық жұмыс материалдарын зерделеуді тапсырды.

 

 

Бүгін 2020 жыл үшін жеке тұлғалардың көлігіне салық төлеудің соңғы күні.

Ол үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ.

е-Salyq Azamat мобильді қосымшасын орнатып, салықты онлайн төлеу жеткілікті.

Сондай-ақ, сіз екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана аласыз.

Еске салайық, #Салық кодексінің нормаларына сәйкес әр кешіктірілген күн үшін #өсімпұл есептеледі.

 

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша доллар бағамы 426 тенге 80тиын, Еуро 497тенге 75тиын, Ресей рублі 5тенге 65тиын.

 

Хабарымыздың соңында ауа-райы болжамы. Ертең, бас қаламыз Нұр-Сұлтанда күн бұлтты 2 градус жылы, ал Алматыда жауын-шашын болуы мүмкін ауа темпиратурасы нөлден төмен.