Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бюро отырысында депутаттар қарауына ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің одақ шеңберіндегі айналымының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.Құжат Одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген және мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Юрий Борисовпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің 22 наурызда өткен Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуінің қорытындысы бойынша уағдаластықтарды дамыту аясында вице-премьерлер Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.
Тараптар бұрын келісілген бірлескен жобаларды іске асыруды жеделдету жөніндегі ағымдағы жағдай мен бұдан кейінгі қадамдарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы өнеркәсіптік кооперацияның жаңа перспективалық жобаларын зерделеу арқылы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды.
Мемлекеттік кірістер комитетінде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сот шешімдеріне қатысты жариялымдарға түсініктеме берді
Салық органдары қызметінің басым бағыты салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Көлеңкелі айналымның құрамдас бөліктерінің бірі салықтан жалтару үшін "бір күндік" фирмалармен мәмілелер жасау.
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, ақпаратты интеллектуалды талдау жиынтығы жоғары ықтималдығы бар салық органдарына "бір күндік"компанияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Сотқа талап арызды жібермес бұрын мәміле жасасудың барлық мән-жайлары зерттеледі, тауарларды тасымалдау шарттары, жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған еңбек ресурстары мен мамандандырылған техниканың, оның ішінде қосалқы мердігерлік ұйымдардың болуы талданады. Мұндай фактілерді қашықтықтан анықтау ЭШФ енгізілгеннен кейін мүмкін болды. Нәтижесінде, егер 2018 жылы сот органдары 571 талап арызды қанағаттандырса, 2019 жылы (барлық ҚҚС төлеушілердің ЭШФ міндетті түрде жазып беруге көшуіне байланысты) бұл көрсеткіш 4 есеге дерлік өсіп, 1999 талап арызды құрады.
Ертең, Нұр-Сұлтан қаласында «Жер сағаты» бүкіл ғаламшарлық акциясы аясында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады. Елорданың көптеген нысандары осы уақытта сыртқы сәндік жарықтарын сөндіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді.
Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей өз жарықтарын сөндіреді.
Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан елдің барлық өңірлері акцияға қосылып жатыр. Жергілікті уақыт бойынша 20:30-да елордада бірнеше маңызды нысандар және 150-ден астам тұрғын үй кешендері сыртқы сәндік жарықтарын өшіреді
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы 421,02 теңгені құрады. еуро 498 17тиыннан саудаланса, Ресей рублі 5теңге 68тиын.
Сөз соңында ауа-райы болжамы. Қазгидрометтің хабарлауынша ертең Нұр-Сұлтанда +1-3градус, Алматыда аздап жауын болады 15-17 градус жылы