Қымбатты әріптестер!
Қадірлі достар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз - тарихы тереңге бойлаған, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлесін қосқан, бірлік пен жасампаздықтың нышаны.
Күн мен түн теңеліп, көктем келген шақта әр үйде дастарқан жайылып, отбасы ортасында атап өту дәстүрі бар.
Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңыраққа ырыс-ынтымақ пен береке тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құрметпен, Е.Жамаубаев