Бұрын осы қызметке дейін 44 жастағы Азамат Ахметов ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық Комитетін басқарған.
А. Ахметов экономикалық және заңгерлік мамандығы бойынша, 1996 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын «экономика және басқару» АӨК салаларында және 1999 жылы Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық заң факультеті университетінде білім алған.
А. Ахметов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитеті, кеден органдарында және көлік бақылау саласында қызмет жасаған.
2007 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қызмет атқаруда.
Өткен 2017 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың маусымы аралығында ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық Комитеті төрағасы болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.