Қаржы министрлігін Алихан Смайылов басқаратын болды

 Қаржы министрлігін Алихан Смайылов басқаратын болды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрлігінің ұжымына бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымын атқарған жаңа тағайындалған Қаржы министрі Алихан Смайыловты таныстырды.

 

Алихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.

Мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарында - Алматы қаласының әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңесте, Ұлттық статистика агенттігінде, статистикалық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттікте, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді.

1999 жылы Статиститка агенттігінің төрағасы болып тағайындалып, 4 жыл қызмет атқарды. Кейін Сыртқы істер министрлігінде вице-министр қызметіне өтті.

2003-2006 жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарды.

Бұдан әрі -  Қаржы министрлігінің вице-министрі қызметінде, одан соң «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті, бір жылдан соң Қаржы министрлігінің вице-министрі қызметіне қайта оралды.

2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы, бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Әлихан Смайылов сондай-ақ, "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ динеторлар кеңесінің мүшесі, "Самұрық" холдингi" АҚ директорлар кеңесі, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» директорлар кеңесінің, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, "Қазагромаркетинг" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия мүшесі, "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері басшысының орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiнің мүшесі, «Қазақстан Республикасы 
Президентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасындағы өкілі, «Самрұк-Қазына» Трансформация бағдарламасын іске асырылуын бақылау жөніндегі комитет мүшесі болып табылады.

 

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медальдарымен марапатталған

«1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар.

Үйленген, екі баласы бар.