Қаржы министрлігінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылға арналған міндеттер алқа отырысында талқыланды

Қаржы министрлігінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылға арналған міндеттер алқа отырысында талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде алқа отырысы барысында 2020 жылға арналған іс-шаралардың нәтижелері және ағымдағы жылға арналған міндеттер талқыланды.
Бас қосу онлайн режимінде өткізілді және оны министрліктің YouTube каналынан тікелей эфирде көру мүмкін болды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, комитеттердің төрағалары мен Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Кәсіпкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов қатысты.
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен жылда атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөніңде есеп берді. Сондай-ақ, ағымдағы жылға жоспарлар жарияланды, олар 5 негізгі бөлімге топтастырылды.
Жиын соңында, министрліктің алға қойған мақсаттары мен міндеттері ел дамуының стратегиялық жоспарларына, Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен Жолдауларын және «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды бағдарламасында айқындалған тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталғандығы атап өтілді.