«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Деңгейлес мониторинг платформасын енгізу» МЖӘ жобасына әлеуетті жекеше әріптеспен бастамашылық жасалғаны туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты жоба шеңберінде деңгейлес мониторингті және уәкілетті органның және салық төлеушілердің бірыңғай ақпараттық кеңістігіне салықтық және бухгалтерлік ақпаратты аша отырып, нақты уақыт режимінде ақпараттық өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін өнімділігі жоғары бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы деңгейлес мониторингті енгізуді реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны енгізу болып табылады.
Жобаның міндеттері:
- бюджеттің толықтырылуын арттыру;
- деректерді тексеру үшін еңбек шығындарын қысқарту;
- дауларды сотқа дейін және сотта реттеу тәуекелдерін қысқарту;
- тәуекелге бағдарланған тәсіл мен превентивті салықтық бақылауды енгізу.
МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде бірыңғай автоматтандырылған жүйені құру және оның жұмыс істеуі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің болжамды көлемі:
Мына:
1) декларация жолдарынан транзакциялар мен бастапқы құжаттар деңгейіне дейін ақпаратты ашу;
2) дәлелді пікір алу есебінен даулы және айқындалмаған салық позицияларын уәкілетті органмен алдын ала келісу;
3) анықталмаған салық позицияларының санын азайту және өсімпұлдарды азайту;
4) салық есептілігін дайындау сапасын арттыру, салық есебін құрылымдау және автоматтандыру.
5) талдамалық есептер конструкторын құру (оның ішінде уәкілетті орган үшін жиынтық есептерді қалыптастыру үшін);
6) уәкілетті органның қызметкерлері үшін жиынтық есептерді құру үшін жасанды зердені пайдалана отырып жоғары деңгейлі талдау;
7) ішкі бақылау жүйесін және тәуекелдер жүйесін ашу үшін платформаны енгізу.
Жобаны іске асыру мерзімі: 10 (он) жыл.
Дайындық кезеңі: 2021 ж.;
Жобаның толыққанды жұмыс істеу кезеңі: 2021-2031 ж.ж.
Жобаны іске асыру орны: Нұр-Сұлтан қаласы және Қазақстан Республикасының барлық аймақтары.
Мемлекеттік қолдау шаралары:
Жекеше әріптестің қызметтерін тұтыну кепілдігі түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары және ақпараттық жүйелерді интеграциялауға ықпал жасау сұралады.
Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік әріптестің шығындарды өтеуі көзделмеген. Жекеше әріптестің кірістері коммерциялық секторға қызметтер көрсету есебінен қамтамасыз етіледі.
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілілігі:
Жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылмайды.
Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар:
- Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Баламалы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 135-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттарды қамтуға тиіс;
- құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;
- төлем қабілеттілігінің болуы, салықтық берешегінің болмауы;
- МЖӘ шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
- таратылуға жатпайды, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс.
Әлеуетті жекеше әріптестердің өз сипаттамалары мен параметрлері бойынша баламалы ұсыныстары осы хабарламада көрсетілген тең немесе одан жоғары (мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуға тиіс.
МЖӘ жобасын іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, тиісті құжаттарды «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс.
Уәкілетті тұлғалар:
Бетризова Алия Ахмедовна – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және активтер департаментінің басқарма басшысы,
е-mail: a.betrizova@minfin.gov.kz, тел: 8(7172)75-02-42;
Ыбрай Омархан Сүйінбекұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және активтер департаментінің бас сарапшысы,
е-mail: o.ybyrai@minfin.gov.kz, тел: 8(7172)74-96-10.
Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.