
«Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Сондықтан проблемалық мәселелерді талқылау мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар біз үшін өте маңызды іс-шара болып табылатынын»,- Қаржы министрі А.Смайылов атап өтті.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 2011 жылғы БҰҰ-ның сатып алу туралы үлгілік заңының (ЮНСИТРАЛ) ережелеріне негізделген «Мемлекеттік Сатып алу туралы» заң қолданыста. Осы заңның қабылдануымен мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері мен рәсімдері электрондық форматқа көшірілді. «Бұл бақылау мен шағым жүйесін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы мемлекеттік сатып алу реформалары шеңберінде Қаржы министрлігі халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта. Нәтижесінде, 2016 жылы Қазақстанға Дүниежүзілік сауда ұйымының мемлекеттік сатып алу туралы келісімінің (GPA) «байқаушы» мәртебесі берілді. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банк, АДБ, ЕҚДБ, ЭЫДҰ және басқа да ұйымдардың қолдауымен сатып алу жүйесі жаңартылған сатып алу жүйесін бағалау әдісімен (MAPS-II) пайдалана отырып қаралуда», - деді Қаржы министрі.
Қазақстан Стамбұлдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары мен Қазақстанның сатып алу жүйесі туралы шолу аясында ЭЫДҰ-мен тығыз ынтымақтастықта. Шолулар негізінде әзірленген ұсынымдар Қазақстанға мемлекеттік сатып алулар саласындағы озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді», деп есептейді,- А.Смайылов.Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы туралы заң жобасы Парламенттің қарауында. «Квазимемлекеттік секторды сатып алуды заңнамалық реттеуде оның ішінде бір көзден сатып алудың үлесін қысқарту бөлігінің заң жобасында бірқатар ұсыныстар айтылды,- деді Қаржы министрлігінің басшысы.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
