
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» ҚР Үкімет отырысына (селектор тәртібінде) Қаржы министрі Ә.А. Смайыловтың баяндамасы «Үкімет Үйі» 19.11.2018 ж.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті әріптестр!
2018 жылғы нақтыланған республикалық бюджетте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағларламасына 439 млрд.теңге қарастырылған.
Оның 330 млрд.теңгесі орталық мемлекеттік органдардың өздерімен игеріледі, 109 млрд.теңгесіөңірлерге берілді, оның ішінде нысаналы трансферттер 73 млрд.теңге және бюджеттік кредиттер 36 млрд.теңге.
Есепті кезеңдегі қаражатты игеру жағдайы
Мемлекеттік бағдарламаның игерілу барысы министрлік тарапынан апта сайын қадағаланып отыр.
10 айдың қортындысы бойынша республикалық деңгейде 335 млрд.теңге игерілді яғни есепті кезеңнің жоспарына (336,3 млрд.теңге) 99,5% және жылдық жоспарға 76,3%.
Бюджетті нақтылауды ескере отырып, жыл соңына дейін орталық мемлекеттік органдармен 89 млрд.теңге игеруі қажет.
Қазақстанның заманауи көліктік инфрақұрылымын қалыптастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту бағыттары бойынша мемлекеттік бағдарламада бөлінген қаржылар есепті кезеңде толық игерілді.
Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобалар бойынша 1,1 млрд.теңге игерілмеді.
Бұл қаражат Білім және ғылым – 0,7 млрд.теңге, Ауыл шаруашылығы – 0,4 млрд.теңге және Ұлттық экономика – 0,04 млрд.теңге министрліктеріне келеді.
Есепті кезеңнің 1 қарашасына өңірлерге 93 млрд.теңге нысаналы трансфертер мен кредиттер бөлінді.
Осы сома 91 млрд.теңгеге игерілді, яғни бөлінген қаражаттың 98%-і.
Жыл соңына дейін өңірлер 18 млрд.теңге қаражатты игеруі қажет.
Жергілікті атқарушы органдар 98 млрд.теңгеге міндеттемелер қабылдады.
Бұл жылдық жоспардың 90%-ін құрайды (109 млрд.теңге).
1,8 млрд.теңге атқарылмады, оның ішінде: 0,2 млрд. теңге - бюджет қаражатын үнемдеу.
Игерілмеген 1,6 млрд.теңге көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер және көлік инфрақұрылымын дамыту шығыстары бойынша қалыптасты.
Ең көп игерілмеу сомалары Солтүстік Қазақстан – 733,3 млн.теңге, Қызылорда – 358,7 млн.теңге, Маңғыстау – 233,1 млн.теңге, Жамбыл -156,2 млн.теңге облыстарына келеді.
Республикалық бюджетті нақтылау барысында жалпы Мемлекеттік бағдарлама бойынша 37,5 млрд.теңгеге тәуекелдер анықталып, олар қысқартылды.
Бірақта, Білім және ғылым министрлігіне «Өнімді инновацияларды ынталандыру» бюджеттік бағдарламасының жылдық сомасын 4,5 млрд.теңгеге қысқартқанына қарамастан, әлі де болса 2,5 млрд.теңгеге міндеттемелер қабылдауы қажет.
Бұл соманың 96%-і сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылады.
Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкке қаражатты алуға тапсырысты уақтылы беріп, грант алушыларға қаражатты аударуды жылдамдатуы тиіс.
Жыл соңына дейін орталық және жергілікті органдардың мәліметтеріне сәйкес Мемлекеттік бағдарлама бойынша қаражатты толық игерілу күтілуде.
Мемлекеттік бағдарлама қаражаттарының жұмсалуын бақылау
Мемлекеттік бағдарламаны бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және мердігерлердің салық төленуіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алуды бақылау бойынша
Есепті кезеңде 18 аудиторлық іс-шара іске асырылды. 37,4 млрд.теңге бюджет қаражаты қамтылды.
Жалпы 6,5 млрд.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды.
Оның ішінде 4,3 млрд.теңгесі Астана қаласы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға конкурстарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына байланысты және 1,2 млрд.теңгесі Қарағанды облысы Құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасымен орта білім беру объектісін қабылдап алу актісіз қолданысқа беруімен байланысты болды.
Есепті кезеңде бұзушылықтардың 339 млн.теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды атқарып қалпына келтіру жолымен түзетілді. Қалған сомасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Салықтық бақылау бойынша
Алдыңғы жылдары мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несиелерді алған төлеушілерден бюджетке түскен салық көлемі ағымдағы жылдың 1 қарашасына 41млрд.теңгені құрады,оның ішінде жеке табыс салығы – 4 млрд.теңге (9,8%) және корпоративтік табыс салығы – 15 млрд.теңге (36,6%).
Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 млрд.теңгеге салықтар көп түсті (37 млрд.тенге), яғни өсу қарқыны 11%-ті құрады.
Жыл соңында Мемлекеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізу үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бағдарламаға бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі керек.
Назарларыңызға рақмет!