ХВҚ миссиясы Қазақстан Республикасының Парламентіне алғаш рет ұсынылған республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті оң бағалады

ХВҚ миссиясы Қазақстан Республикасының Парламентіне  алғаш рет ұсынылған республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті оң бағалады

Реформа кезеңінің нәтижесін айқындау және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін қарау мақсатында 16 қарашадан бастап 4 желтоқсан аралығында ХВҚ-ның Мемлекеттік қаржыны басқару мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесші Джон Зохрабтың, халықаралық консультант Кен Уорреннің (Жаңа Зеландия), Қаржы бірінші вице-министрі Б.Шолпанқұловтың, АДБ консультанты Г. Төлешованың және Бюджет заңнамасы департаменті мамандарының қатысуымен он-лайн режимде ХВҚ мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірлескен миссиясы өткізілді.

ХВҚ техникалық көмек шеңберінде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын есептеу әдісі бойынша бюджеттеудің Тұжырымдамалық негізін ұсынады.

Қаржы министрлігі реформаның базалық құрауыштарын іске асырды: заңнамалық, нормативтік-құқықтық, білім беру, ақпараттық және 2023 жылы жергілікті бюджеттер бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастырудың негізі болып табылатын болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру процесін автоматтандыру.

ХВҚ миссиясының нәтижелері бойынша есептеу әдісі бойынша бюджеттеу реформасын одан әрі техникалық қолдау ниеті расталды.