«Ұлттық қор - балаларға»: бұл не және төлемді қалай алу керек?

«Ұлттық қор - балаларға»: бұл не және төлемді қалай алу керек?

Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында іске асыру бағыттарының бірі «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы болып табылатын ұлттық байлықты әділ бөлу бағдарламасын құру туралы идеяны айтты. Осы жоба шеңберінде Қазақстанның азаматтарына туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін 2024 жылдан бастап жыл сайын Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% есебінен қаражат есептеледі.

Осы бастама шеңберінде 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Қазақстанның Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы есептелетін болады.

2026 жылы әр балаға 130,71 АҚШ доллары аударылды.

Үш жылдан бері бағдарламаға қатысатын балалардың жинақтарының жалпы сомасы алынған инвестициялық табысты ескергенде 370,56 АҚШ долларын құрады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру төлеміне арналған нысаналы жинақ төлемдері 76 142,45 мың АҚШ долларды құрады. (365 967 алушы), оның ішінде:

- тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 50 433,4 мың АҚШ доллар (241 284 алушы);

- білім алуға – 25 709,05 мың АҚШ доллар (124 683 алушы).

Бұл қаражатпен қашан пайдалануға болады?

18 жасқа толғаннан кейін жинақтау БЖЗҚ-дағы дербес шоттарға аударылады және азаматтар оларды:

-Қазақстан Республикасында ғана тұрғын үй жағдайларын жақсартуға.

-білімге ақы төлеуге (Қазақстан Республикасында да, шетелде де) пайдалана алады.

Жинақталған соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ)  шотынан таңдаған мақсатқа уәкілетті операторлар - Отбасы банкі және Халық банкі арқылы аударуға болады.

Баланың бағдарламаға қатысу фактісі туралы ақпаратты баланың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша kids.enpf.kz сайтында, egov.kz порталындағы жеке кабинетте, Halyk және Kaspi.kz қосымшаларында білуге болады.

Егер нысаналы жинақтар бала кәмелетке толғаннан кейін 10 жыл ішінде талап етілмесе, олар оның жеке зейнетақы шотына түседі.

Есептеулер келесі жағдайларды тоқтатылады:

-қайтыс болған жағдайда

-жобаға қатысушыны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде

-азаматтықтан айырылған жағдайда

Қайтыс болған жағдайда мақсатты жинақтарды алу үшін мұрагерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) заңда белгіленген тәртіппен жүгіне алады.

Ұлттық қор қаражатын қазақстандықтардың жас буынын қолдау үшін пайдалану - бұл елдің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық шешім болып табылады.

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы - бұл еліміздің болашағына салынатын инвестиция!