ЕТДҚ қатысушылары жаңа стратегияны талқылады

ЕТДҚ қатысушылары жаңа стратегияны талқылады

Мәскеудегі қазақстандық делегацияның жұмыс бағдарламасының жалғасы аясында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының стратегиялық сессиясына қатысты. Оның барысында қордың қызметіндегі негізгі бағыттар, орта және ұзақмерзімді перспективадағы басымдықтарды айқындайтын 2027-2031 жылдарға арналған ЕТДҚ стратегиялық жобасы талқылнады. «Стратегиядағы маңызды элементтердің бірі — ауқымды талдау, оның негізінде экономикалардың орнықты өсімін қамтамасыз ету мақсатында уақтылы превентивті шаралар қабылдануы тиіс», деп атап өтті Дәурен Маратұлы. ЕТДҚ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше. Бұл ұйымның мүше мемлекеттер арасындағы макроэкономикалық тұрақтылық пен қаржылық ынтымақтастықты нығайтуда маңызы жоғары