Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың құттықтау сөзі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың құттықтау сөзі

Құрметті әріптестер! Қымбатты достар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне ұйытқы болған еліміздің Тұңғыш Президентінің есімі әлемдік тарих беттеріне алтын әріптермен жазылды.

Қазіргі таңда Отанымыз шекарасы белгіленген, Конституциясы мен ұлттық валютасы бар, әлемде беделді орын алып отырған егеменді мемлекет. Елбасының жүйелі реформалары Қазақстан Республикасының экономикасының,   оның ішінде қаржы жүйесінің толыққанды  дамуына мүмкіндік берді.

Осынау мерекеде елімізге тұрақтылық пен өркендеу, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және барлық игіліктерді тілеймін!

Құрметпен, Е. Жамаубаев