
Елімізде азаматтарға, оқушылар мен студенттерге, бизнес өкілдері мен мамандарға арналған ақпараттық іс-шаралар өтіп жатыр. Оның мақсаты – интернет-алаяқтық пен фишингтен қорғануды үйрету, дербес деректер мен ЭЦҚ қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ дипфейктерді анықтау мен цифрлы сауаттылықты арттыру. Қарапайым сақтық шараларына мән беріңіз. Себебі киберқауіпсіздік әр адамнан басталады!