AIX халықаралық биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымы сәтті орналастырылды

AIX халықаралық биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымы сәтті орналастырылды

Astana Finance Days аясында Қазақстанның тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымы Astana International Exchange биржасында ресми листингтен өтті.

Еліміздің жуырдағы Қытай капитал нарығындағы табысты жолын ескере отырып, жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын панда-облигациялардың екінші шығарылымы табысты орналастырылды.

Бағалы қағаздардың листингі екі траншпен шығарылды. Айталық, 3 жылға 1,82% мөлшерлемесіне сәйкес 5 млрд юань көлемінде және 5 жылға 1,95% мөлшерлемесі бойынша 1,6 млрд юань көлемінде.

Осы кіріс мөлшері айрықша маңызға ие болып отыр. Неге десеңіз, бұл панда облигациялары нарығындағы тәуелсіз шығарылымдар арасында рекордтық төмен меже болып саналады. Осы ретте өтінімдер кітабындағы сұраныстың жалпы көлемі ұсыныстан 2,5 есе асып түскенін айта кетейік.

Панда облигациялары нарығында тәуелсіз шығарылымдар арасында рекордтық төмен болған қол жеткізілген кірістілік деңгейі ерекше маңызға ие. Бұл ретте өтінімдер кітабындағы сұраныстың жалпы көлемі ұсыныстан 2,5 есеге асып түсті.

Құнды қағаздардың табысты шығарылымы мен жоғары сұраныстың байқалуы Қазақстанға деген сенімнің нығайғанын әрі елдің кредиттік әлеуеті жоғары бағаланғанын растап отыр.

Аталған үш және бесжылдық транш еліміздің Қытай валютасындағы дербес табыс ауытқымасын кеңейтіп, болашақ отандық эмитенттердің шығарылымдарына кірісті арттырудың тың бағдарын қалыптастырып берді.

Маңызды рәсімге ҚР Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен AIX биржасының басшылығы, сондай-ақ China International Capital Corporation Limited (CICC) өкілдері мен мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестері қатысты. Бірлескен жетекші ұйымдастырушылардың қатарында China Construction Bank Limited, Industrial and Commercial Bank of China Limited, The Export-Import Bank of China, Bank of China Limited (BOC) және «Teniz Capital Investment Banking» АҚ бар.

Қазақстан мен Қытай тарабы қаржы нарығындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтіп, ынтымақтастықтың тың құралдарын дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.

Осы рәсім AIX алаңында сауда-саттықтың  басталуына жол ашты.