Мемлекет басшысының 3 қыркүйектегі Жарлығымен Мәди Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.
Мәди Төкешұлы ведомствоны 2024 жылдың ақпанынан бастап басқарып келеді.
Бұл кезеңде бюджет және салық саясатын жетілдіру, мемлекеттік қаржыны цифрландыру, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын нығайту, сондай-ақ салық және кеден қызметін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылды.
Қаржы министрлігінің қызметі негізгі бағыттар бойынша Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі қойған міндеттер аясында жалғасатын болады.