Қаржы министрлігінің ашық деректері: пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізілуде

Қаржы министрлігінің ашық деректері: пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізілуде

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында мемлекеттік қаржының негізгі мәселелері қаралды: 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы, мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелері және салық реформасын іске асыру.

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері жобаның негізгі ережелерін қарап, бюджет саясатының жекелеген бағыттары бойынша ұсыныстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды.

Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Жүргізіліп жатқан жұмыс сатып алу рәсімдерін одан әрі цифрландыруға және оңайлатуға, оларды өткізу мерзімдерін қысқартуға, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталғаны туралы атап өтілді.

Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдаудың қосымша тетіктері мен ірі құрылыс жобаларын іске асырудың жаңа тәсілдері қарастырылған.

Қоғамдық кеңес мүшелеріне жаңа Салық кодексін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды. Негізгі өзгерістер салық есептілігін қысқартуға, салық әкімшілендіруін оңайлатуға, азаматтар мен бизнес үшін неғұрлым түсінікті әрі ашық жағдайлар жасауға бағытталған.

Жекелеген салық түрлері бойынша саралап белгіленген мөлшерлемелерді қолдануды қоса алғанда, салық салудың жаңа тәсілдері жеке талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтар мен бизнестің мүдделерін ескере отырып, бюджет, салық саясатын және мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.