Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту

Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымы әр жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы және Қаржы вице-министрі болған Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Нұрлан Құсайынұлы саналы ғұмырын еліміздің дамуына, оның ішінде мемлекеттік қаржы жүйесінің нығаюына қажырлы үлес қосқан көрнекті қайраткер еді. Оның қаржы ісі мен салық қызметін ілгерілетуге бағытталған бастамалары, кәсіби дағдылары саланың жанданып, тыңнан түрен салуға септігін тигізген болатын. Заңғар тұлғаның жарқын бейнесі, ел игілігі жолындағы адал еңбегі мен азаматтық болмысы әріптестерінің жадында мәңгі сақталады. Ауыр қайғыға байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайрат пен сабыр тілейміз!