Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Құрметті қазақстандықтар!  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жасампаздық рухының, тұрақты даму мен жарқын болашаққа ұмтылыстың айқын көрінісі. Елордамыз жыл өткен сайын қарқынды дамып, ел бірлігі мен өркендеуінің маңызды орталығына айналып келеді.

Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілейміз. Елордамыздың мерейі үстем, Тәуелсіз Қазақстанымыздың келешегі кемел болсын!

Астана күні құтты болсын!