Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев «Тамшы» арнайы қаржы инвестициялық аймағының ашылуына қатысты

Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев «Тамшы» арнайы қаржы инвестициялық аймағының ашылуына қатысты

Жаңадан құрылған инвестициялық аймақты ресми түрде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров іске қосты. Бауырлас елдің басшысы айтқандай, бұл жобаның Қырғызстан экономикасын дамытып, инвестиция тарту мен жайлы іскерлік ортаны құру бағытында әрі халықаралық қаржылық ынтымақтастығын нығайтуда стратегиялық маңызы зор.

Аталған іс-шараға еліміздің делегациясын Мәди Такиев бастап барғанын айта кетейік. Бұл жиын екі елдің бизнес қауымдастығының байланыстарын кеңейтіп, жандандыруға бағытталған. Көршілес мемлекетпен өзара ынтымақтастықты күшейту ҚР Үкіметінің сыртқы экономикалық саясатындағы негізгі басымдықтарының бірі.

АҚИА ресми ашылуына Қазақстаннан бөлек, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстанның ресми делегаттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқанын атап өткен жөн.

«Тамшы» АҚИА Қырғызстанның Ыстықкөл облысында орналасқан. Оның аумағында салық салу, валюталық реттеу, кеденді басқару, көші-қон режімі және инвестициялық қызметті жүзеге асыру салаларында ерекше жағдайларды қолдануды көздейтін арнайы құқықтық режім қолданылады.