Қазақстанның Қаржы министрі Қырғызстанда салынып жатқан еліміздің шипажайларын бағамдап қайтты

Қазақстанның Қаржы министрі Қырғызстанда салынып жатқан еліміздің шипажайларын бағамдап қайтты

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев  Қырғызстанда іссапармен болып, Қазақстанның 4 санаторлы-курорттық нысанның құрылысын пысықтады.

Ведомство басшысы нысандардың қазіргі ахуалын, инженерлік және туристік инфрақұрылымның даму деңгейін, сондай-ақ оларды жаңғырту мен пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Әсіресе «Қазақстан» шипажайының құрылысына ерекше назар аударылды. Мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Аталған нысанды биыл төртінші тоқсанда пайдалануға беру жоспарланған. Осы жобаның нәтижесінде заманауи талаптарға толық сай келетін жаңа санаторлы-курорттық кешен іске қосылады деп межеленіп отыр.

Қалған 3 нысанға келсек, заманауи шипажайды салу мен жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл жобаларды іске асыру азаматтарға сапалы қызмет көрсетіп, тән сауықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ыстықкөл жағалауында еліміздің рекреациялық нысандарының туристік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.

Бұл сапардың қорытындысына сәйкес Мәди Төкешұлы қолға алынған жобаларды белгіленген мерзімде іске асырып, сондай-ақ мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану мен құрылыс жұмыстарының сапасына тұрақты бақылау жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма жүктеді.