Мемлекеттік сатып алудың болашағы: тиімділік, технология және ашықтық

Мемлекеттік сатып алудың болашағы: тиімділік, технология және ашықтық

Мемлекет басшысы қол қойған жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Құжат мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігін арттыруға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

 Жаңа заңды іске асыру сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып жүргізілетін сатып алулар бес жұмыс күні ішінде өткізіледі, ал қарапайым конкурс өткізу мерзімі 60 күннен 10 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.

Бұл өзгерістер өз нәтижесін көрсетіп отыр. Жаңа заң қолданысқа енгізілгеннен бері
2025 жылдың қорытындысы бойынша 8,1 трлн теңге сомасына шарттар жасалды, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 53%-ға артық, жасалған шарттардың көлемі 5,3 трлн теңгені құрады.

Сондай-ақ шағымдану тетігіне де елеулі өзгерістер енгізілді. Енді шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушы тікелей қарайды, бұл рәсімдердің негізсіз созылуына жол берілмейді. Сонымен қатар, сатып алу қорытындыларына қатысты сотқа шағымдану сатып алу рәсімін тоқтатпайды.

Қабылданған шаралар өткен жылмен салыстырғанда шағымдар санының 21%-ға төмендеуіне ықпал етті.

Сондай-ақ, бір мердігердің жобалаудан бастап құрылысқа және нысанды пайдалануға беруге дейінгі жұмыстардың толық циклін орындауын көздейтін «толық бітіріп берілетін құрылыс» жобаларын іске асыру тетігі енгізілді. Мұндай тәсіл мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттырып, құрылыс жобаларын іске асырудың тиімділігін күшейтеді. Осы тетікті қолдануға арналған объектілердің тізбесін тиісті мәслихаттар бекітеді.

Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізу тетігі енгізілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында мемлекеттік сатып алу порталдарымен интеграциялау арқылы қолданыстағы сатып алу жүйелерін, «Самрук-Қазына» қорының сатып алу жүйесін және басқа да электрондық алаңдарды біріктірген Бірыңғай сатып алу платформасы құрылды.

Өз кезегінде, соңғы жылдары жасанды интеллект әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік басқаруды цифрлық тарнсформациялаудың негізгі бағыттарыныңбіріне айналып отырғанын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесі де тиісті трансформацияны талап етеді.

Бұл ретте, бүгінгі таңда жоспарлаудан бастап төлем жасауғадейін мемлекеттік сатып алудың барлық циклі мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы толықтай электрондық форматта жүзеге асырылатынын атап өткен жөн, бұл барлық рәсімдердің барынша ашықтығын, айқындығын және толық қадағалануын қамтамасыз етеді. Мәселен, Халықаралық Экономикалық ұйымының – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының шолуына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесі әлемдегі ең дамыған сатып алу жүйелерінің бірі болып табылады.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі – адам факторын барынша азайту, өнім берушіні таңдауда бағалық емес өлшемшарттарды кеңінен қолдану және жеңімпазды автоматты түрде айқындау болып табылады. Осылайша, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жеңімпазды айқындау өнім берушінің жұмыс тәжірбиесі, салық тәртібі, аумақтық тиесілігі, теріс көрсеткіштердің болуы және өзге де объективті критерийлерді қосы алғанда, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері негізінде – автоматты түрде жүзеге асырылады.


Автоматтандырылған тетік конкурс комиссиясының жеңімпазды анықтау процесіне қатысуын болдырмайды, қабылданатын шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етеді және адам факторының ықпалын айтарлықтай төмендетеді. Осыған байланысты жеңімпаз ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде анықталатындықтан, мұндай сатып алулардың қорытындыларына шағымдануға жатпайды.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Басым бағыттар мыналар болып табылады:

мемлекеттік сатып алуларды жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы цифрландыруды жалғастыру және жеңімпазды айқындау кезінде адам факторының ықпалын барынша азайту;
рейтингтік-балдық жүйенің қолданылу аясын кеңейту, оның ішінде жұмыстардың басқа да түрлерін енгізу;
сатып алудың Бірыңғай платформасына толық көшу және мемлекеттік органдардың, «Самрук-Қазына» қорының және ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелерін біріздендіру;
ұлттық режимнен алып тасталған тауарлар тізбесін кеңейту арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдауды одан әрі күшейту.

 Заңнаманы жетілдіру және цифрлық технологияларды енгізу тиімділік, ашықтық, жариялылық және адал бәсекелестік қағидаттарына негізделген мемлекеттік сатып алудың заманауи жүйесін қалыптастырады.