«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да Конституция бойынша семинар өтті

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да Конституция бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру және насихаттау мақсатында семинарлар кеңінен өткізілуде.

2026 жылғы 23 маусымда «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіруге арналған кезекті семинар ұйымдастырылды.

Семинардың дәріскері ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми қызметкері Арман Батраханов сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері, олардың заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтудағы, заңдылықты қамтамасыз етудегі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруға, конституциялық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ елдің орнықты дамуы үшін жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың маңызын терең түсінуге ықпал етеді.