
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен, мінсіз қызметімен, іскерлігімен және нәтижелі еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметшілерге құрмет көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері агенттігінің ведомстволық төсбелгілерімен Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлері марапатталды.
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі Кадр қызметі департаментінің бас сарапшысы Динара Шакироваға табысталды.
Д. Шакирова Қаржы министрлігінде 20 жылдам астам уақыт жемісті еңбек етіп, кадрлық процестерді жетілдіру, адами капиталды дамыту және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру бағытында елеулі үлес қосып келеді.
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Бюджеттік жоспарлау департаментінің бас сарапшысы Гульнара Ергазина, Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Марат Сеитов, Мемлекеттік қазынашылық комитетінің бас сарапшысы – бас қазынашысы Нурия Жакслыкова, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Зауреш Капарова, Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары Раушан Онаева марапатталды.
Г. Ергазина еңбек қызметі жылдарында жетекші маманнан аудандық қазынашылық бөлімшесінің басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтіп, еліміздің қазынашылық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты, заманауи ақпараттық жүйелерді енгізуге және мемлекеттік қаржыны басқару процестерін жетілдіруге тікелей қатысты.
М. Сеитов мемлекеттік кірістер саласында ұзақ жылдар бойы табысты қызмет атқарып, заңнаманың сапалы орындалуы және мемлекеттік кірістер жүйесінің тиімділігін арттыру бағыттарында кәсіби тәжірибесін көрсетіп келеді.
Н. Жакслыкова қаржы жүйесінде 30 жылға жуық адал қызмет атқарып, бюджеттік заңнаманың тиімді іске асуына, қазынашылық қызметтің сапасын арттыруға және мемлекеттік қаржы тәртібін нығайтуға үлес қосып келе жатқан тұлға.
З. Капарова ішкі мемлекеттік аудит саласында жауапты қызмет атқарып, ауданда мемлекеттік қаржы ресурстарының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытында кәсібилігімен ерекшеленді.
Р. Онаева мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласында көпжылдық тәжірибесімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және мемлекеттік активтерді тиімді басқару бағытында еңбегімен танылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың Алғыс хаттарымен әріптестеріміз Любовь Бозхаева, Гаухар Акбасова, Гульжан Калменовалардың ата-аналары марапатталғандығын атап өтеміз. Алғыс хатта сүйікті қыздарының жоғары кәсіби деңгейі, ел дамуына қосқан үлесі және лайықты тәрбиесі үшін ризашылық білдірілген.
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, кәсіби кадрлық әлеуетті дамытуға және ел игілігі жолында қызмет ету қағидаттарын нығайтуға ерекше мән береді.
Министрлік ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, табыс және ел мүддесі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілейді.