Құрметті отандастар! Қадірлі әріптестер!

Құрметті отандастар!  Қадірлі әріптестер!

Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмысы мен тиімділігін қамтамасыз етіп келе жатқан сала мамандарының кәсіби мейрамы.

Елді өркендету, ұлттық мүддеге қызмет ету мен халықтың әл-ауқатын жақсарту – әр мемлекеттік қызметшінің қастерлі борышы. Қазақстанның қаржы-экономикалық тұрақтылығы, мемлекеттік стратегияның және реформалардың сәтті орындалуы сіздердің табанды еңбектеріңізбен тығыз байланысты.

Үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін!

Қасиетті Отанымыздың абыройы асқақ, мәртебесі биіктей берсін! 

 

Ізгі тілекпен,

Мәди ТАКИЕВ                                                    

ҚР Қаржы министрі