Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сәлемдеме алу тәртібі өзгермейді

Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сәлемдеме алу тәртібі өзгермейді

2026 жылдың екінші жартысынан бастап ЕАЭО елдерінде TemuAliExpressiHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді

Еске сала кетейікаталған пилоттық жоба Қазақстанда 2023 жылдан бастап іске асырылудаЭксперименткеҚазпоштаАҚ, «DHL International Kazakhstan» ЖШС және жеке тұлғаларға тауар жеткізетін басқа да операторлар қатыстыБүгінгі күнге дейін жеке тұлғалардың сәлемдемелерді алуында қандай да бір қиындықтар тіркелген жоқ

Егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан аспасаешқандай өзгеріс болмайды

кедендік баждар мен салықтарды төлеудің қажеті жоқ

сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі

кеден органдарына өз бетінше жүгіну талапетілмейді

сатып алушының атынан декларацияны электрондық сауда операторлары рәсімдейді

Шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарларэлектрондық сауда тауарларыатты жеке санатқа жатқызылады

Олар үшін кедендік декларацияның жаңа түріэлектрондық сауда тауарларына арналған декларация» енгізіледіМұндай декларацияда әртүрлі жеке тұлғаларға тиесілі 999 тауар туралы мәлімет көрсетуге боладыАталған декларацияны сатыпа лушылардың атынан кеден органдарына электрондық сауда операторлары ұсынадыБұлкеден ісі саласындағы жаңа институт.

Сонымен қатар салмақтық шек (31 кг) алынып тасталады. Ал бажсыз әкелу лимиті 200 еуро деңгейінде сақталады

Өзгерістер негізінен құны жоғары сатып алуларға қатысты боладыЕгер тауар құны 200 еуродан асса:

тауар құнының 5%-ы мөлшерінде кедендік баж

• 16% мөлшерінде қосылған құн салығы (ҚҚС) төленеді

Есептеу мысалдары

250 еуро – 12,5 еуро кедендік баж (шамамен 7 мыңтеңге) + ҚҚС;

500 еуро – 25 еуро кедендік баж (шамамен 14 мың теңге) + ҚҚС.

Салыстыру үшін айта кетсекқазіргі уақытта мұндай тауарларға бажсыз әкелу лимитінен асқан сомаға 15% мөлшеріндегі бірыңғай төлем (ҚҚС-пен қоса алғанда) қолданылады

Жаңа ережелер интернет-сауданы реттеуге және жеке пайдалану үшін сатып алынған тауар ретінде көрсетіліпкоммерциялық партиялардың әкелінуіне жол бермеуге бағытталған

Бұл өзгерістер ЕАЭО аумағында кедендік рәсімдеуден өтіп қойған және WildberriesOzon, Kaspi.kz сияқты жергілікті интернет-алаңдар арқылы сатылатын тауарларға қолданылмайды

Осылайшажеке пайдалану үшін құны 200 еуроға дейінгі тауарларға тапсырыс беретін азаматтардың басым бөлігі үшін сатып алу және сәлемдемені алу тәртібі бұрынғыдай қалады