4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тарихын, құндылықтарын және бірлігін айшықтайтын тәуелсіздігіміздің ажырамас нышандары.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – патриотизмнің, азаматтық жауапкершіліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер еліміздің игілігі жолындағы жасампаздыққа, дамуға және жаңа жетістіктерге жетуге әрдайым шабыт бере берсін.