
Бүгін AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигацияларының дебюттік шығарылымының салтанатты листинг рәсімі өтті.
1,9% кірістілікпен 3,4 млрд юань көлемінде панда-облигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асыра отырып, Қазақстан облигацияларды Қытай қор нарығында BBB рейтингі бар елдер арасында және АА рейтингі бар елдер деңгейінде ең төмен мөлшерлеме бойынша орналастыру арқылы рекорд орнатты.
Қазақстан үшін халықаралық инвесторлардың Қытай облигацияларының ішкі банкаралық нарығына (China Interbank Bond Market, CIBM) қолжетімділігін қамтамасыз ететін Bond Connect инфрақұрылымын маңызды пайдалануды атап өту қажет. Осы инфрақұрылымға қосылу Қытай капиталын тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, қазақстандық инвесторлардың әлемдегі ең ірі борыштық нарықтардың біріне қолжетімділігін кеңейтеді және Қазақстан мен Қытайдың қаржы нарықтарының одан әрі интеграциялануына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының панда-облигацияларды табысты орналастыруы одан әрі ынтымақтастық үшін берік негіз болды және Қазақстан мен Қытайарасындағы өзара іс-қимылдың және ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Рәсімге Қаржы министрлігінің басшылығы атынан вице-министр Д.М. Кеңбейіл, AIX биржасының басшылығы, China International Capital Corporation, Industrial and Commercial Bank of China, China Construction Bank Astana, «Teniz Capital Investment Banking» AҚ сондай-ақ Қытайдың Lianhe несиелік рейтинг агенттігін қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты.
Рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың басталуының белгісі болды.