
Қазақстанда бағалау қызметі саласында маңызды өзгерістер дайындалуда. Қаржы министрлігі бағалау қызметі туралы заңнамаға бағалау қызметтерінің сапасын арттыруға, ЕАЭО кеңістігінде қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге тиіс түзетулерге бастамашылық жасады. Реформа не үшін қажет екендігі, нарықты қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны және олар елдің инвестициялық ахуалына қалай әсер ететіні туралы ҚР Қаржы министрлігінің өкілі айтып берді.
- Бағалау қызметіндегі заңнаманы неге өзгертуіміз керек?
- 2020 жылы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін көрсетілетін қызметтер секторының (кіші секторының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (бұдан әрі - Кеңес) Шешімі күшіне енді. Осы Шешімде қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына Жалпы тәсілдерге сәйкес ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізілгеннен кейін мүлікті бағалау бойынша қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі басталды.
Бүгінде мүлікті бағалау сатып алу-сату мәмілелерінде, кредит беруде, инвестициялар мен сот процестерінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан рәсімдердің барынша ашық, болжамды болуы және бизнестің де, азаматтардың да мүдделері қорғалуы маңызды.
Бұдан басқа, Қазақстанның бағалаушыларының да, ЕАЭО-ға басқа мүше-мемлекеттердің бағалаушыларының да ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді ұсынуы бөлігінде Заңға өзгерістер енгізіледі.
Мәселен, ЕАЭО-ға бір мүше-мемлекеттің бағалаушылары өз қызметін ЕАЭО-ға басқа мүше-мемлекеттердің аумағында кедергілерсіз, алып қоюларсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз жүзеге асыра алады.
Бұл біздің елімізде жүргізілген бағалау одақтың басқа елдерінде де қайта рәсімдеу қажеттілігінсіз мойындалатынын білдіреді. Мұндай қадам трансшекаралық ынтымақтастықты айтарлықтай жеңілдетеді, бизнеске бағалауда қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, нарықты инвесторлар үшін неғұрлым тартымды етеді және капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдай жасайды. Нәтижесінде нарықтың барлық қатысушылары шағын бизнестен бастап ірі халықаралық компанияларға дейін ұтады.
- Бағалау қызметі туралы заңға өзгерістер енгізе отырып, қандай басты мақсаттар қоясыз?
- Негізгі міндет жүйені неғұрлым заманауи және түсінікті ету. Қазақстан ЕАЭО қызметтерінің бірыңғай нарығына үйлесімді түрде кіреді. Заңға енгізілетін өзгерістер бағалаушыларға өз қызметін ЕАЭО елдерінің аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді?
- Бағалау қызметі туралы заңға енгізілетін өзгерістер бизнестің де, жеке тұлғалардың да өмірін жеңілдетеді. Жағдайды елестетіңіз: қазақстандық бағалаушы жылжымайтын мүлік объектісін кепіл немесе сату үшін бағалады. Енді бұл баға автоматты түрде ЕАЭО-ның басқа елдерінде танылатын болады. Мысалы, Арменияда немесе Ресейде. Жаңа тәртіп бұл кедергілерді жояды: бір баға - бүкіл одақ үшін бір нәтиже. Бұл шығындарды азайтып қана қоймай, бизнес-процестерді жылдам және болжамды етеді.
Ел ішінде заң бағалаудың сапасын арттыруға да әкеледі. Мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту бағалау қызметінің нәтижелеріне сенім деңгейін арттырады. Компаниялар мен банктер кредит беру, инвестициялар немесе сақтандыру туралы шешім қабылдау кезінде неғұрлым нақты және объективті деректерге сүйене алады. Бұл инвесторлар мен клиенттер үшін қосымша қорғау жасайды, сондай-ақ Қазақстанның ашық және заманауи реттеу жүйесі бар ел ретіндегі ұстанымын нығайтады.
- Заңға енгізілетін түзетулер ішкі нарыққа қалай әсер етеді?
Әрбір бағалаушылар палатасы тағылымдамалар мен тұрақты оқыту жүйесін енгізетін болады. Бұл жас мамандарға нарық талаптарына тез бейімделуге, ал тәжірибелі мамандарға халықаралық стандарттарға сәйкес білімдерін үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ұсынылып отырған өзгерістер қызмет көрсету сапасын арттыруды да білдіреді. Нәтижесінде, бұл жылжымайтын мүліктің, кредит беру мен инвестициялардың неғұрлым тұрақты нарығына негіз болады.
- Бағалаушылардың өздері өзгерістерге қалай қарайды?
- Жалпы жақсы қабылдады. ЕАЭО шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру бөлігіндегі өзгерістер қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді.
- Бұл өзгерістер Қазақстанға инвестицияларға қалай әсер етеді?
- Кез келген инвестор үшін ашықтық, болжамдылық және активтерді бағалау жүйесіне деген сенім маңызды, өйткені есеп айырысу дәлдігі, мәмілелердің негізділігі және тәуекелдерді азайту осыған байланысты.
Бағалау қызметі туралы заңнамадағы өзгерістер Қазақстанның сенімді юрисдикция ретіндегі имиджін нығайтады, онда заңдар ашық жұмыс істейді, мамандар құзыретті, ал бағалау жүйесі халықаралық талаптарға жауап береді. Осының бәрі экономикаға деген сенімді арттырады және ұзақ мерзімді капиталды тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мүлікті бағалау бойынша ҚБН енгізу жөніндегі Заң жобасын қабылдау қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді.
Сондай-ақ, Заң жобасы қолданыстағы нормаларды жетілдіруді, артық талаптар мен қайшылықтарды жоюды көздейді, бұл бағалау қызметі туралы ҚР заңнамасын жақсартуға және саланы неғұрлым тиімді реттеуге алып келеді.