
7 мамыр мен 9 мамыр – сұрапыл соғыс жылдарында Отанға адал қызмет етіп, оның бостандығын қорғауға аянбай қызмет еткендерге мақтаныш, алғыс және терең құрмет сезіміне толы еліміздің тарихындағы ерекше даталар.
Бұл айтулы мерекелер халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Отан қорғаушылардың ерлігі – шабыт, батылдық пен жанқиярлықтың символы. Құрметті ардагерлерімізбен әскери қызметшілер – біздің мақтанышымыз, тұрақтылық пен бейбітшіліктің іргетасы, болашақ ұрпаққа жарқын үлгі.
Осы мереке күндері баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, аспанымыз ашық болсын деп ілейміз. Әр үйде келісім, жылулық пен қуаныш орнап, Отанға деген сүйіспеншілік пен оны қорғаушыларға құрмет мызғымас құндылықтар болып қала берсін.
Мерекелер қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде 7 және 9 мамырды мерекелеуге арналған мерекелік концерт өтті. Қаржы министрлігіне ұзақ жылдарды арнаған қызметкерлер «Еңбек ардагері» медалімен және «Қаржы қызметіндегі ерекше қызметі үшін» өсбелгісімен марапатталды.