Болашақ қаржыгерлер және жаңа тәсілдер

Болашақ қаржыгерлер және жаңа тәсілдер

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Coventry University Kazakhstan университетінде болып, студенттермен, магистранттармен кездесті. 

Атап айтқанда, қаржы саласының қыр-сырын меңгеріп жатқан студенттермен өткен кездесу емін-еркін форматта өрбіді. Оның барысында Мәди Төкешұлы мемлекеттік қаржы жүйесінің жаңғыруы жайлы, сондай-ақ енгізіліп жатқан тың тәсілдер туралы мен цифрлы трансформацияның маңыздылығы жөнінде кеңірек айтып берді.

"Мемлекеттік қаржы саласы тек құрғақ көрсеткіштер мен есептерден ғана тұрмайды. Бұл - отандық қаржы-экономиканың дамуы мен еліміздің келешегіне қатысты шешімдер жүйесі", деді ведомство басшысы. 

Кездесу соңында болашақ қаржыгерлерге аса қажетті дағдылар - аналитика, цифрлы сауаттылық және жауапкершілік сынды қасиеттерді дамыту жолдары түсіндірілді.