Кедергісіз бағалау: ЕАЭО-да қызметтердің бірыңғай нарығы

Кедергісіз бағалау: ЕАЭО-да қызметтердің бірыңғай нарығы

Қазақстанда бағалау қызметі саласында өзгерістер дайындалудаҚаржы министрлігі қызмет көрсету сапасын арттыруға және ЕАЭО кеңістігінде мүлікті бағалау бойынша бірыңғай талаптар жасауға тиіс заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадыРеформа бизнеске қаражат пен уақытты үнемдеуге мүмкіндік бередінарықты ашық етеді, ал инвесторлар үшін болжамды етеді

Мүлікті бағалау сатып алу-сату мәмілелерінде, кредит берудеинвестицияларда және сот процестерінде маңызды рөл атқарадыБүгінде бизнестің де, азаматтардың да сенімі мүлікті бағалаудың дәлдігі мен ашықтығына байланысты

Заңға қазақстандық бағалаушылардың, ЕАЭО-ға басқа мүше-мемлекеттердің бағалаушыларыныңда ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді ұсынуы бөлігінде өзгерістер енгізіледі

Бүгінгі күні Қазақстанда төрт бағалаушылар палатасы жұмыс істейдіолардың әрқайсысында үш жүзден астам мүше бар, барлығы нарықта шамамен 1,7 мың бағалаушы жұмыс істейді

Жаңа заң қалай жұмыс істейді

ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау бойынша қызметтердің бірыңғай нарығының ашылуына байланысты ЗаңҚызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі қызметжаңа тарауымен толықтырылдыОсы тарауда қазақстандық бағалаушылардың, ЕАЭО-ға басқа мүшемемлекеттер бағалаушыларының және тиісінше бағалаушылар палатасының міндеті мен жауапкершілігі регламенттелген

Бұл өзгерістер біздің бағалаушыларымызға және бейрезидент бағалаушыларға өз қызметін Одақ аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік береді

 

Реформаның басты жаңалығы ЕАЭО-ның барлық елдерінде бағалау нәтижелерін тануЕнді қазақстандық бағалаушы жылжымайтын мүлікті бағаласабұл бағалау Одақ елдерінде де жарамды болады«Бұл шығындарды азайтып қана қоймай, бизнес-процестерді жылдам және болжамды етедідеп түсіндірді Қаржы министрлігінің өкілі ЕАЭО нарықтарының интеграциясы жағдайында мұндай шара трансшекаралық ынтымақтастықты айтарлықтай жеңілдетеді және жалпы бағалау жүйесіне сенімді арттырады

Өзгерістер инвестицияларға қалай әсер етеді

Өзгерістер Қазақстанның инвестициялық ахуалына тікелей әсер етедіАшықтықболжамдылық және активтерді бағалау жүйесіне сенім бұл инвесторлар үшін маңызды факторлар

ЕАЭО шеңберіндегі мүлікті бағалау бойынша қызметтердің бірыңғай нарығы шеңберінде бағалау қызметі туралы ҚР заңнамасына өзгерістер Қазақстанның реттеудің ашық жүйесімен құзыретті кадрлары бар ел ретіндегі имиджін нығайтадыдеп есептейді сұхбат беруші

Нәтижесінде Қазақстан неғұрлым ашық нарыққа ие боладыонда шағын бизнестен бастап ірі халықаралық компанияларға дейін бәрі ұтады