Қымбатты отандастар!

Қымбатты отандастар!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құттыболсын!

Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың жаршысы, ынтымақ пен бірліктің нышаны. Тамырын тереңнен тартқан бұл мереке тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер іргесі сөгілмес береке мен ырысы сарқылмас тірліктің көрінісі.

Ұлттық мейрамда өткенге тағзым жасалып, кемел келешекке арналған жоспарлар айқындалады.

Тағылымы мол ұлағатты мерекеде әр шаңырақтың дастарханы берекелі болсын. Халқымыздың ауызбірлігі мен ел тұрақтылығынығая берсін.

Наурыз мерекесі баршаңызға тек жақсылық алып келіп, игі бастамалар мен жемісті жетістіктерге толы болсын!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                             М. Такиев