Қаржы министрлігінде әз Наурыз мерекесі аталып өтті

Қаржы министрлігінде әз Наурыз мерекесі аталып өтті

ҚР Қаржы министрлігінде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын болды. Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов ұжым қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай келе ұлттық мейрам бірлікке, үйлесімділік пен жаңаруға шақыратынын айтып, ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

«Әз Наурыз – халқымыздың рухани кемелдігін айшықтайтын ерекше күн. Министрліктің барлық қызметкеріне толайым табыс, отбасылық амандық және өркендеу тілеймін! Бірлескен күш-жігеріміз – Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді деп сенемін», деді Э. Ержанов. 

Салтанатты жиынның көркін мерекелік концерт қыздырды. Көпшілік назарына халық би ансамблінің, жеке орындаушылар мен басқа да өнер ұжымдардың қойылымдары ұсынылды.

Музыкалық нөмірден бөлек, жиналған азаматтар ұлттық дәстүр түрлерінен өз білімдерін тексеріп, шыңдауға мүмкіндік алды.