ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығына көшу аясында бағалау қызметін жетілдіру

ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығына көшу аясында бағалау қызметін жетілдіру

1. Қазақстан қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің бағалаушыларының әрекеттерінен/әрекетсіздігінен қорғау үшін заңжобасында қандай нақты шаралар көзделген?

2021 жылғы 10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 23 Шешімімен қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдер (бұдан әрі Жалпы тәсілдер) бекітілді.

ЕАЭО-ның әрбір елі көрсетілген Жалпы тәсілдерге сәйкес бағалау қызметі туралы өз заңнамасына өзгерістер енгізуге міндетті.

Осылайша, Жалпы тәсілдер бағалаушылардың өз қызметін Одақтың басқа елдерінің аумағында жүзеге асыру ниеті туралы өзінің құзыретті органын (ҚР және РФ-да - бұл бағалаушылар палатасы) хабардар етуін, әрбір тараптың құзыретті органдарының кез келген басқа тарапта бағалау жүргізуге ниетті бағалаушылар тізілімін жүргізуін, бақылау функцияларын жүзеге асыруын, құзыретті органның өтініштерді (шағымдарды) қарауын және т.б.көздейді.

ЕАЭО елінің құзыретті органы бағалаушы ұсынған ақпараттың негізінде ол туралы мәліметтерді жоғарыда көрсетілген тізілімге енгізеді. Бұл тізілім ЕАЭО барлық елдерінде ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

Шетелдік бағалаушы аумағында ол мүлікті бағалауды жүргізетін ЕАЭО-ның елінің бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзған жағдайда көрсетілген тізілімге де бағалаушының осы елдің аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру құқығын оның заңнамасында көзделген мерзімге тоқтата тұруды қоса алғанда, осы бұзушылық және ықпал ету шаралары туралы ақпарат енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың негізгі шараларының бірі болып табылады.

ҚР бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші бағалаушыны дербес таңдайды.

Осыған байланысты, шетелдік бағалаушыны таңдау кезінде Қазақстан қызметтерін тұтынушылар жоғарыда көрсетілген тізілімді басшылыққа ала алады.

Сондай-ақ, Жалпы тәсілдерге сәйкес кез келген мүше мемлекеттің бағалаушысы тиісті объектілерге қатысты мүлікті бағалауды жүргізуге құқық беретін рұқсаттарды көрсете отырып, Мүлікті бағалау объектілерінің салыстырмалы тізбесін ескере отырып, мүлікті бағалауды жүргізеді.

Салыстырмалы тізбе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі бағалау объектілерінің атауын және бағалаушыға бағалау жүргізуге құқық беретін рұқсаттардың атауын қамтиды.

Осыған байланысты Заң жобасында Қазақстан бағалаушыларының, бағалаушылар палаталарының, бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін, сондай-ақ ЕҚБ-ның жұмыс істеуі шеңберінде ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер бағалаушыларының қызметін регламенттейтін жаңа тараумен толықтыру көзделеді.

Заң жобасында бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді қазақстандық тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар, оның ішінде:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қазақстан Республикасының аумағында бағалаушылар палаталарының ұсынылған мәліметтері негізінде ЕАЭО басқа елдері бағалаушыларының тізілімін жүргізуі;

- бағалаушылар палаталарының ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің бағалаушысына қатысты өтініштерді (шағымдарды) қарауы айқындалған.

 

2. Өзара түсіністік қағидаты, әсіресе қазақстандық бағалаушылардың ЕАЭО-ның басқа елдерінде стратегиялық маңызы бар объектілерге (мысалы, жер қойнауын пайдалану объектілеріне, ірі өнеркәсіптік активтерге) қол жеткізуі бөлігінде қалай қамтамасыз етіледі?

Заң жобасында ЕАЭО басқа елдерінің бағалаушыларына ҚР аумағында мүлікті бағалау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу шеңберінде мүлікті бағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік билік функцияларын орындау үшін жеткізілетін мүлікті бағалау бойынша қызметтерді көрсетуге тыйым салатын норма көзделген.

Осылайша, ҚР аумағында жоғарыда аталған нысандарды бағалауды тек қазақстандық бағалаушылар ғана жүргізуге құқылы.

ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінде осы нысандар бойынша жағдай ұқсас.

 

3. Егер ҚР-да жұмыс істейтін шетелдік бағалаушының есебі қаржылық шығындарға әкелсе, оны жауапкершілікке тарту және залалды өндіріп алу тетігі қандай? Олардан қазақстандық стандарттар бойынша жауапкершілікті міндетті сақтандыру немесе қаржылық қамтамасыз етуді енгізу талап етіле ме?

Заң жобасында ЕАЭО басқа елдері бағалаушыларының ҚР аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде ҚР бағалау қызметі туралы заңнамасының, ҚР өзге де құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті белгіленген.

Яғни, аталған бағалаушылар ұлттық режим жағдайында мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

Бұл ретте мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданыстағы Заңның 21-бабында айқындалған.

 

4. ҚР аумағында шетелдік бағалаушылардың жұмыс сапасын тиімді бақылау қалай жүзеге асырылады?

Жоғарыда айтылғандай, Заң жобасында бағалаушылар палаталарының ұсынған мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында ЕАЭО басқа елдері бағалаушыларының тізілімін ІМАК-тің жүргізуі туралы норма көзделген.

Бұдан басқа, шетелдік бағалаушылар тіркеу орны бойынша өз органын ҚР аумағында өз қызметін жүзеге асыру ниеті туралы хабардар еткен кезде, ол Қазақстандағы қызметіне байланысты мәселелер бойынша өтініштерді қарауды жүзеге асыратын бағалаушылар палатасын көрсетуге міндетті.

Осылайша, бағалау нәтижелері бойынша даулы мәселелер болған, ҚР бағалау қызметі туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерінің талаптарын шетелдік бағалаушылар бұзған немесе сақтамаған жағдайда тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілген бағалаушы бағалау жүргізу шартында көрсеткен бағалаушылар палатасына өтінішті қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жүгінуге құқылы.