Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Эрнар Ержанов азаматтарды қабылдады

Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Эрнар Ержанов азаматтарды қабылдады

ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Оның барысында өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер қатысты өтініштер қаралды. Әр өтініш бойынша жауапты бөлімшелерге түсініктемелер мен нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелер жеке бақылауға алынып, олар жан-жақты пысықталып, сондай-ақ шешілгенге дейін толық сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Қаржы министрлігі халықпен ашық диалогты, азаматтардың өтініштеріне жедел іс-әрекет етіп, оларды шешу бойынша нақты, нәтижелі шаралар қабылдауды қамтамасыз ете отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын бірізді түрде іске асырып келеді.