Амал – ізгі кездесулер мен ақ тілектер мерекесі

Амал – ізгі кездесулер мен ақ тілектер мерекесі

Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін Амал мерекесі – халқымыздың ежелден келе жатқан көрісу дәстүрін жаңғыртып, адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты дәріптейтін ерекше күн.
Бұл күні жұрт бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдіреді. Осындай игі дәстүр қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтып, адамдар арасындағы бауырмалдықты арттыра түседі. 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі баршаңызды Көрісу күнімен құттықтайды!

Әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақ-береке және мол ырыс тілейміз. 

Көрісу күні құтты болсын!