Құрметті әйелдер қауымы!

Құрметті әйелдер қауымы!

Сіздерді көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

8 наурыз – сұлулық пен мейірімділіктің, даналық пен ізгіліктің мерекесі.

Халқымыз ақжаулықты аналарға, көркем мінезді аруларға құрмет көрсетіп, қадірлеуден жаңылған емес. Пейілі кең, жүрегі әсем жандарға қандай мақтау айтсақ та жарасады.

Әйел адам – отбасының ұйытқысы,  береке-бірліктің нышаны.

Сіздердің ел дамуы мен өскелең ұрпақты тәрбилеудегі орындарыңыз бөлек, мәртебелеріңіз биік. Кез келген саланы ұршықша иіріп, алға бастайтындарыңызға сеніміміз мол.  

Көктемнің шуақты мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен ырыс-ынтымақ тілеймін!

Ізгі ниетпен,

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі   

М. Такиев