
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Әділханов Мұрат Бұхарбайұлы Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мұрат Әділханов Қазақ мемлекеттік заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша және Қаржы академиясын «қаржыгер» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы Шардара ауданы әкімінің аппаратында заңгер қызметінен бастады.
Қаржы министрлігінің құрылымында әр жылдары бас маман, бөлім, басқарма бастығы, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Ішкі бақылау, Заң қызметі, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменттерінің директоры лауазымын атқарған.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаментінің директоры қызметін атқарды