
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Кездесу ведомствоның халықпен өзара байланысты орнату және өзекті мәселелерді жедел шешу жөніндегі жүйелі жұмысы аясында өтті.
Оның барысында салық заңнамасы мен салықты басқару процесін жетілдіруге байланысты, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы тетіктері қарастырылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініш жіті бақылауға алынды. Айталық, Қаржы министрлігінің салалық департаменттеріне аталған мәселелерді мұқият пысықтау тапсырылды.
Азаматтарды жеке қабылдау атқарушы биліктің халықпен тікелей байланысты қамтамасыз ететін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды элементі ретінде жалғастырылатын болады.