Тексеруді азайтып, тиімділікті арттыру: Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2025 жылдағы жұмыс нәтижесі

Тексеруді азайтып, тиімділікті арттыру: Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2025 жылдағы жұмыс нәтижесі

2025 жылы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өз қызметінде жаңа тәсілдерді енгізіп, ведомство көлемді аудиттің орнына сын-қатерді нақты (атаулы түрде) анықтауға және кемшіліктердің алдын алуға мүмкіндік алды. 

Жыл қорытындысы бойынша комитет 1 359 аудиторлық іс-шара өткізіп, бұл 2024 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 22%-ға аз.

Тексерулердің азайғанына қарамастан анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы көлемі 36%-ға ұлғайып, 462,4 млрд теңгеге жетті.

Яғни, бір тексерудің өнімділігі үш есеге ұлғайды.

Бұл ретте 418,4 млрд теңге қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылғанын айта кетейік. Бюджет пайдасына шамамен 1,2 млрд теңге өндіріп алынып, 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды.

Құқық қорғау органдарына сомасы 25,7 млрд теңге болатын аудит материалдары жіберіліп, соған сәйкес 61 қылмыстық іс қозғалды.

Былтыр мемлекеттік аудит ісінде алдын алу шараларын күшейтуге баса мән берілді. Ал экономиканың нақты секторындағы бақылау капиталды қажет ететін және әлеуметтік маңызды бағыттарда нығайтылды.

Мәселен, қашықтан жасалған мониторинг аясында іске асыру сатысындағы құны 1,5 трлн теңге болатын бұзушылықтардың, оның ішінде жоспарлау кезеңінде бюджеттік сұраныстарды артығымен бағалауға қатысты, еңбекақыны төлеу мен есептілік қалыптастырылғанға дейін бухгалтерлік есепті бұрмалау түріндегі бюджет қаражатын иемдену бойынша алаяқтық схемалардың жолы кесілді.

Осы орайда аталған тәуекелдер анықталғаннан кейін мониторинг нысандарына хабарламалар жолданып, тиісті кемшіліктер дербес және ерікті түрде жойылғанын айта кеткен орынды. Бұл амал «директивалық» іс-қимыл шараларын қолдануды барынша азайтты.

Айта кету керек, бұзушылықтардың едәуір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректерін талдау негізінде (нысандарға бармай-ақ) анықталды. Бұл адами факторды азайтуға және аудиторлық шешімдер мен қорытындылардың объективтілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Осылайша, ішкі мемлекеттік аудиттің дәлдігі артып, озық құралдарды енгізу мен қоғам мүддесін қорғауға және бюджет қаражатын мақсатына қарай жұмсауға жол ашылды.