Қаржы министрлігінде Салық кодексінің өзекті тұстары түсіндірілді

Қаржы министрлігінде Салық кодексінің өзекті тұстары түсіндірілді

Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енгені белгілі. Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігінде азаматтарды жеке қабылдау мен бизнес өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп келеді.

Кезекті қабылдау Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың қатысуымен өтті. Оның барысында кәсіпкерлер салықтық әкімшілендіру, ҚҚС бойынша есепке қоюдың шекті мәндері және фискалды саясаттың өзгеруі жағдайында бизнесті қолдау шаралары жөнінде сауалдарын қойды.

Қабылдаудың соңында Ержан Ерікұлы айтылған ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтау үшін бейінді бөлімшелерге бірқатар тапсырма берді. Вице-министр айтқандай, мемлекеттің фискалды мүдделері мен бизнеске қолайлы жағдайлар жасаудың арасында тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы жоғары.

Бұл ретте салалық заңмадағы өзгерістерді қоғамға түсіндіру жұмыстарын Қаржы министрлігі
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырып келе жатқанын айта кетейік.