Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастыққа бейілділігін растайды

Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастыққа бейілділігін растайды

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия апталығының ашылу сессиясында сөз сөйледі.

Ержан Біржанов Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының стратегиялық маңызын атап өтіп, өңірдегі экономикалық және институционалдық реформаларды ілгерілетудегі Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының маңызды рөлін көрсетті.

ЭЫДҰ-ның Қазақстанға арналған елдік бағдарламасы халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді ұлттық реформаларға енгізуге ықпал ететіні және олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылды.

Қазақстанның ЭЫДҰ қызметіне белсенді қатысуы, 46 құқықтық құралға қосылуы және 39 комитеттің жұмысына қатысуы атап өтілді.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуі және BEPS бастамасына қатысуы ерекше атап өтілді.