
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеиілдің төрағалығымен Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (Кәсіби кеңес) басқармасының отырысы өтті.
Отырыста Кәсіби кеңестің 2025 жылғы қызметі туралы есеп және Кәсіби кеңестің 2026 жылға арналған бюджетінің жобасы қаралып, бекітілді.
Кәсіби кеңестің Өтініштер мен апелляцияларды қарау комитетінің өзекті мәселелері және Кәсіби кеңестің 2026 жылға арналған сыртқы сапа бақылауынан өту құнын есептеу регламенті қаралды. Сондай-ақ, отырыста Кәсіби кеңестің өзінің жұмыс сапасын сыртқы бақылау рәсімдерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Қатысушылар осы рәсімдердің тиімділігін арттырудың ықтимал жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ Кәсіби кеңестің Біліктілік комиссиясының 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.
Кәсіби кеңестің 2025 жылғы жетістігі халықаралық мойындау болғаны атап өтілді. Кеңестің біліктілік комиссиясы сертификаттарды Британдық сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығымен (ACCA) өзара тану бойынша жұмысты жалғастырды. Нәтижесінде «ҚР аудиторы» ұлттық біліктілік бағдарламасы бес жылдық ACCA аккредитациясын алды. Бұл аккредитация бағдарлама түлектеріне ACCA халықаралық біліктілігін алу үшін тиісті емтихандарды тапсырудан босату құқығын береді, ол қазақстандық бағдарламаның жоғары халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігі туралы куәландырады.