2025 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 8,1 трлн теңгеге дейін артты

2025 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 8,1 трлн теңгеге дейін артты

Былтыр мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 8,1 трлн теңгеге жетті. Бірыңғай цифрлы платформада нарық қатысушыларыныңрекордтық саны тіркелді: шамамен 18 мың тапсырыс беруші мен 120 мыңдай өндірушінің (қызмет көрсетушінің) белсендлігі байқалды. Бұлжайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеҚаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заң жүйені реформалауға септесті. Заңда қарастырылған артықшылықтардың бірі –сатып алу рәсімдері мерзімдерінің азаюы мен тиісті процестерді толық автоматтандыру есебінен ашықтықты арттыруболып саналады. Сондай-ақ рейтингті-балдық жүйенің енгізілуі де маңызды жаңашылдықтардың бірі. Осы тетік пен жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы байқау жеңімпазы қазір 5 күнде анықталады. Осыған дейін бұл процесс 60 күнге дейін созылатын.

Бұған қоса отандық өндірушілермен жасалатынкелісімшарттар бағытында айтарлықтай өсім байқалып отыр. Қазақстанның бизнес өкілдеріне біршама преференция берілді: келісімшарт сомасының 50%-на дейін міндетті түрде аванс төлеу, қаржылық кепілдіктерден босату және айыппұл санкциялары бойынша жеңілдетілген шарттар қарастырылған. Бұл амал жергілікті тауар өндірушілермен жасалатынкелісімшартың көлемін 23%-ға арттырып, қаржылай мәнде оның көлемі 456 млрд теңге болды.

Аталған реформаға сәйкес қатысушыларға қойылатын талаптар да күшейтіліп, нарық жосықсыз қызмет ұсынушылардан (өндірушілерден) тазара бастады. Мәселен, жүйеде бұрын жасалған бұзушылықтар туралы ақпарат автоматты түрде анықталып, осы арқылы іскерлік бедел мен сапалы қызмет негізгі факторларға айналып, жаңа мәдениеттіңқалыптасуына жол ашылады.

«Биыл біздің алдымызда жаңа мақсат-міндеттер тұр. Біріншіден, біз рейтингті-баллдық жүйені қолдануды одан әрі кеңейтіп, оны қызмет көрсетушілерді таңдау жөніндегі негізгі тетікке айналдырамыз. Екіншіден, барлық мемлекеттік сектор мен мемлекеттің үлесі баркомпаниялар үшін ережелерді біріздендіруді аяқтауымыз қажет. Тағы бір міндет – сатып алу рәсімдерін бақылауды күшейту», деді Дәурен Маратұлы.