Ол атап өткендей, ағымдағы жылы бюджет жобасын қалыптастыру әлемдегі экономикалық ахуалдың нашарлауы мен қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық ахуал жағдайында жүзеге асырылды.
Бюджет тапшылығы 2021 жылы жалпы ішкі өнімнің 3,4%-інен 2023 жылы кезең-кезеңмен 2,1%-ке дейін төмендеуімен жоспарланған.
Шығыстар 2021 жылы 14 трлн. теңгені құрайды.
Бюджет жобасын қалыптастыру кезіндегі басты қағидат орта мерзімді кезеңге айқындалған бағыттар мен міндеттерді, сондай-ақ қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді жүйелі түрде іске асыру болды.
Осылай, үш жылдық кезеңде әлеуметтік саланың шығыстары 23,4 трлн. теңгені, оның ішінде 2021 жылы ағымдағы жылмен салыстырғанда 394 млрд. теңгеге ұлғайып, 7,1 трлн. теңгені құрайтын болады, деді Е.Жамаубаев.
Шығындардың жалпы көлеміндегі әлеуметтік саланың үлесі келесі жылы 50,4% болады.
Шығыстардың айтарлықтай көлемі әлеуметтік қамсыздандыруға және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге тиесілі.
Экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға арналған шығыстар орта мерзімді кезеңде 3,2 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде 2021 жылы 1,7 трлн. теңге болады.